КӨМІРТЕКТІ АЭРОГЕЛЬДЕР: ТҮРЛЕРІ, АЛУ ЖОЛДАРЫ, ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ

2024

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/itgf5255
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Көміртекті аэрогельдер әлемдегі ең жеңіл материалдар болып табылады. Сонымен қатар, олар жоғары кеуектілікке, өте төмен тығыздыққа, өте жоғары адсорбциялық қабілетке және жоғары жылу тұрақтылығына ие. Бұл мақалада, соңғы жылдары алынған көміртегі негізіндегі аэрогельдердің түрлерін, алу жолдарын, зерттеу әдістерін және қолдану аясын қамтитын бір ретке келтірілген жаңа көзқарастар ұсынылды. Біріншіден, қазіргі кезде белгілі көміртегі негізіндегі аэрогельдерді 6 түрге бөліп қарастыру ұсынылды. Олар резорцинол-формальдегид негізіндегі аэрогельдер, көміртекті нанотүтікше негізіндегі аэрогельдер, графен негізіндегі аэрогельдер, көміртекті нанотүтікше және графен негізіндегі гибридті аэрогельдер, алмаз негізіндегі аэрогельдер және биомасса негізіндегі аэрогельдер. Осы атталған көміртегі негізіндегі аэрогельдердің ішінен әртүрлі табиғи қалдықтар негізінде дайындалып, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді биомасса негізіндегі аэрогельдер ең көп зерттелген және болашағы зор аэрогельдер түрі болып табылады. Екіншіден, сканерлеуші электронды микроскоп, трансмиссиялық немесе жарықтандырушы электронды микроскоп, термогравиметрия және раман спектроскопиясы көміртегі негізіндегі аэрогельдердің құрылысы мен құрамын сипаттауда ең көп қолданылатын әдістер екені анықталды. Нанокеуекті материалдардың тарихында бұл – жаңа материалдар классы болғанымен, қолданысын кеңінен тапты. Олардың басты артықшылығы – жоғары кеуектілігі, соның арқасында аэрогельдер адсорбент ретінде май/суды бөлуде, ауыр металл иондарын тазалауда және т.б. салаларда қолданылуы қарастырылды. Кілтті сөздер: аэрогельдер, көміртегі негізіндегі аэрогельдер, кеуекті материал, карбонизация, адсорбент, жылу оқшаулағыштар.