Аңдатпа
Бұл мақала Тарбағатай теріскейіндегі қола дәуіріне тән археологиялық ескерт- кіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Жүргізілген зерттеулер Белбастау қорымындағы тас қоршауларды, олардың жерлеу дәстүрлерін, табылған металл және қыш бұйымдарды талдауға негізделді. Археологиялық қазбалардан алынған ма- териалдар андрон мәдени-тарихи қауымдастығының өкілдерімен байланысын дәлелдейді. Та- былған қола моншақтар, қыш ыдыстар және тас жәшіктердің құрылысы мәдениетаралық бай- ланысты көрсетеді және осы мәдениеттің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері Қазақстан аумағындағы қола дәуірі мәдениеті туралы тың мәліметтерді ғылыми айналымға енгізуге ықпал етеді және болашақтағы археологиялық зерттеу- лер үшін құнды дереккөз болмақ.