Аңдатпа
Мақалада авторлар қазақ халқындағы жерлеу ғұрпындағы кейбір дәстүрлердің сабақтастығын анықтап, көнеден келе жатқан кейбір рәсімдер мен ғұрыптарды археологиялық деректермен сабақтастыра отырып олардың мәнін ашуға тырысты. Мақалада археологиялық және этнографиялық деректер қолданылды. Авторлар қазақ халқының жерлеу ғұрпындағы марқұмды соңғы сапарына көпшілік болып шығарып салу, асқа көп адамның жиналуын көне дәуірлерде көпшілік қауым болып жиылып үлкен обалар тұрғызумен байланыстырады. Сонымен қатар, өлген адамның асына жылқы союды көне дәуірлерде жылқымен жерлеудің сарқыншағы ретінде қарастырады.