ОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2024.3-07
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қарымды қаламгер Оразбек Сәрсенбаевтың кеңес заманындағы қоғамның тыныс-тіршілігін нанымды суреттеген «Шеңбер» романы мен әңгімелерінің көркемдік әлемі қарастырылған. Романның көркемдік ерекшеліктеріне баса назар аударылып, шынайы өмір шындығы көркемдік шындықпен сабақтастықта сипатталғаны нақты деректермен берілген. Жазушы туындыларына арқау болған кейіпкерлердің барлығы күнделікті өмірде өзіміз көріп жүрген таныс адамдар мен замандастар, ауыл адамдарының боямасыз болмысы мен қарапайым тіршілігі екендігі зерделенеді. Әдебиет майталманының өз шығармаларында кейіпкерлердің ішкі әлеміне шынайы және нақты детальдар арқылы енуге мүмкіндік беретін бірқатар психологиялық әдістерді қолданғаны зерделенеді. Жазушы туындыларының реалистік сипатта жазылып, адам мен қоғам, адам мен адам арасындағы күрдлеі қарым-қатынастарды психологиялық ситуациялар арқылы бейнелеп, қазіргі қоғамда көтеретін әлеуметтік жүгі туралы қорытындылар жасалады. «Шеңбер» романында қарапайым шаруа адамдарының мінез-құлқы, өмірлік жағдайлардағы іс-әрекеттері мен сезім құбылыстары, тіршілік жайы қағаз бетіне боямасыз түсірілгені шынайы өмірдің көрінісін беретін мықты көркемдік қуатқа ие екені пайымдалады. Романдағы кейіпкерлердің сырт көзге тынық, бірақ үнемі терең моральдық күйзеліс, өз-өзімен ар-ожданы алдында тайталас жағдайында жүретінін суреттеу арқылы сөз саңлағының оқырманға әсер ету шеберлігіне назар аударған.