Аңдатпа
Мақалада жоғары сынып оқушыларының цифрлық ортада ӛзара мұғаліммен қарым-қатынастарының ӛнімді жолдары мен қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын цифрлық платформалар кӛмегімен құрастырылу жолдары қарастырылған. Жоғары сынып оқушыларының оқу іс-әрекеттері, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын құрастырудағы алғышарттары мен цифрлық ресурстардың маңыздылығы туралы шетелдік және отандық ғалымдардың дереккӛздерімен жұмыс жасалынды. Оқытудағы бірқатар мәселелердің бастамасы республика деңгейінде алынған еркін формадағы мұғалімдер арасындағы сауалнамада анықталды. Алынған сандық ақпараттар статистикалық және сипаттамалық тәсілдермен ұсынылды. Ғылыми жұмыстың ӛзектіліктері талқылау сұрақтары арқылы негізделіп, шешімдері айқындалды. Зерттеу жұмысының басты мақсаты –жоғары сынып оқушыларының география сабақ-тарында, теориялық білімдерінің практикада қолданылуында мұғалімнің цифрлық ресурстар кӛмегімен ұсынылған қалыптастырушы бағалау тапсырмасының тиімділігін анықтау. Жаңашылдық әрекеттермен құрастырылған тәсілдер мен тәжірибелер, дамыту қолданбалары оқушылардың қызығушылығын оятып, оқуды жеңілдетуге кӛмектеседі.Мұғалім оқу мақсаттарына сай ұсынылатын қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын оқушының болашақ жоғары оқу орнының білім алушы, кәсіби маман болатынын ескеріп, әдістемелік қорын ұлғайтуда цифрлық ресурстардың кӛмегімен сабақтастырып отыру қажет. Нәтижесінде мұғалім ӛзін-ӛзі кәсіби дамытып, болашақ түлек атанатын оқушы үшін географиялық білімінің жетілуі мен оқу мақсатына толық жете алуына кӛмектеседі.