ХИМИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.001
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарында химия пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын инновациялық педагогикалық технологиялар талқыланады. Қазіргі таңда білім беру саласында инновациялық әдістерді енгізу және оларды тиімді пайдалану білім сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру оқу үдерісінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан оның сапалы ұйымдастырылуы болашақ мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал етеді.Зерттеу барысында инновациялық технологиялар қолданылған кезде студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және пәнге деген қызығушылықтарын оятуға қол жеткізілетіні анықталды. Бұл технологияларға ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ), проблемалық оқыту әдістерін, жобалық жұмысты, ойын технологияларын, интерактивті әдістерді, мультимедиялық құралдарды қолдану жатады. Әрбір әдістің өзіне тән ерекшеліктері мен артықшылықтары бар, олардың дұрыс және тиімді қолданылуы студенттердің химия пәндері бойынша білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.Зерттеу нәтижесінде, инновациялық педагогикалық технологиялармен жұмыс істейтін студенттер дәстүрліәдістермен білім алған студенттерге қарағанда, пәндерді жақсы меңгеретіні және олардың практикалық дағдыларының жоғары деңгейде қалыптасатыны анықталды. Сонымен қатар, бұл технологиялар студенттердің дербестігін арттырып, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарынатартуға оң әсер етеді.Қорытындылай келе, Қазақстандағы химия пәндерінен студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану білім беру үдерісін жетілдіріп, студенттердің академиялық көрсеткіштерін жақсартуға айтарлықтай үлес қосатынын айтуға болады. Зерттеу барысында алынған нәтижелер инновациялық әдістерді одан әрі жетілдіру және оларды кеңінен қолдану қажеттілігін дәлелдейді.