БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.002
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада бейорганикалық химияны оқыту процесінде халықтық педагогика материалдарының мазмұнды-танымдық компоненттің мазмұнын анықтау, әдістемесін әзірлеу және теориялық-эксперименттік негіздеу туралы айтылады. Қазіргі қоғамда оқу орындарында білім алушылардың өмірінің әртүрлі формаларында халықтық мәдениет құралдарын қолдана отырып, тәрбие және оқыту жүйесін құру қоршаған ортада біртұтас оқу-тәрбие процесін құруға, білім ордасында, микроортада да өзін-өзі жүзеге асыра алатын бай адамгершілік-тәрбиелік тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Тиімді халықтық педагогика құралдары –бұл ойындар, халықтық мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер және т.б. Оқу орнында оқытушы өз халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, олардың адамгершілік, құқықтық, тұрмыстық, отбасылық құндылықтарын білуі керек, бұл білім алушылардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыруға әсер етеді.