«ЕРЕКШЕ» БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА БЕЙІМДЕЛГЕН ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

2024

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2024.81.3.008
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

«Ерекше» білім алушыларды оқытуда маңызды фактор неғұрлым қолайлы білім беру стратегияларын айқындау және таңдау болып табылады. Осы саладағы мамандар оқыту технологияларының жіктелуін, олардың балалардың қажеттіліктеріне бейімделу тәсілдерін білуі, мониторинг жүргізуі жәнежұмыс әдіс-тәсілдерінің оқушыға әсерін бағалауы және тиісінше олардың қайсысы инклюзивті білім беру жүйесіне енгізу үшін неғұрлым өзекті және тиімді болып табылатынын шешуі аса маңызды.Жалпы оқу процесінде пайдаланылатын, сондай-ақ «ерекше» білім алушыларға бейімделген әдістер функционалдық сипатта болуы, баланың ерекшеліктерін жақсы білуіне сүйенуі, оның дамуында прогреске қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Инклюзивті білім беру –бұл баршаға білім беруге қол жетімділікті білдіретін жалпы білім беруді дамыту процесі, бұл ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алуға қол жетімділікті қамтамасыз етеді деп жалпы қабылданған болып саналады.Инклюзивті білім беруді дамытпай, инклюзивті қоғам болу мүмкін емес. Ең алдымен, қоғам адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениетінен әр түрлі адамдарға деген құрмет туындайтынын түсінуі тиіс. Инклюзивті білім беру тәжірибесі жағдайында педагогтің қызметі –мұғалімнің педагогикалық қызметінен алшақтамау, «ерекше» білім алушыларға білім беру процесіне тартылуға көмектесу, мектеп ережелерін ұстануға үйрету, құрдастарымен барабар қарым-қатынас орнатуға, өз мінез-құлқының ерекшеліктерін реттеуге қажетті. Сондай-ақ, «ерекше» білім алушылар үшін білім беру ортасының жайлылығы оның буындарының бірі педагогтің психологиялық-педагогикалық қолдауымен қамтамасыз етіледі.«Ерекше» балаларды бiрлесiп оқытуды ұйымдастыру мұғалiмнен әдiстер мен тактиканы қайта құруды талап етедi. Бұл инклюзивті білім берудің негізі.Мақалада инклюзивті білім беру технологияларының терминологиялық ерекшелігі нақтыланған, оқыту әдістерінің функциялары көрсетілген, оқыту стратегияларының тиімділігін бағалау тәсілдері көрсетілген.Инклюзивті білім беру технологияларын икемді негізде пайдалану, оларды баланың қажеттіліктеріне бейімдеу маңызды. Осы мақсатта зерттеу жұмысымызда«ерекше» білім алушыларға бейімделген оқыту тәсілдерініңтиімділігі,инклюзивті білім беруде қолданылатын әдістердің маңызыжәнекүтілетіннәтижелеріқарастырылған.Жалпы білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес қазіргі заманталабынасайбілім беру технологияларындұрыспайдаланаотырып,білім алушыларғасапалыбілімберудегі теорияменпрактиканыңартықшылықтарыталданыпсипатталған.